Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1. қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 60 күні;
2. он сегіз жасқа толмаған не Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу немесе жоғалтуды ресімдеген көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының аумағында басқа елдердің шетелдік мекемелері арқылы жүгінген кезде - күнтізбелік 10 күн.

Қызметтің толық атауы
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қалай алуға болады (Қажетті құжаттар):

  1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама;
  2. көрсетілетін қызметті алушының ұлттық паспортының, азаматтығы жоқ адамның құжатының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін), олардың жарамдылық мерзімі өтініш берген күні күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;
  • бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың жеке басын растайтын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
  1. оның азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын мемлекетінің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);
  2. өтінішхат берушінің қолтаңбасымен қазақ немесе орыс тіліндегі өмірбаян;
  3. этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;
  4. азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
  5. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
  6. өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;
  7. "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;
  8. мөлшері 35х45 мм бір фотосурет;
  9. тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы және тоқтатылуы туралы анықтама (туу фактісін анықтаған не басқа мемлекеттік аумағында оның тұруы анықталған жағдайда жеке басты куәләгә жоқ көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде).

Ескертпе

5), 6), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі күнтізбелік 180 күннен аспауы тиіс.
1974 жылғы үлгідегі паспорты бар Қазақстан Республикасының аумағында тұратын не азаматтығы Қазақстан Республикасынына азаматтығына не қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілілігін ішкі істер органдары анықтамаған көрсетілетін қызметті алушылар тұруын не Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын қосымша құжат ұсынады.
1974 жылғы үлгідегі паспорты бар не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрып жатқан адамдарға қатысты қажетті іс-шараларды өткізгеннен және Қазақстан Республикасының аумағында тұруын не тіркелуін растағаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтығы жоқ адам деп тану туралы қорытынды шығарады.
Заңды өкілі (ата-анасы, қамқоршысы, қорғаншысы) Қазақстан Республикасының азаматы не Қазақстан Республикасына тұрақты тұратын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын он сегіз жасқа толмаған көрсетілетін қызметті алушы 1), 2), 7), 8), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ нотариалды куәландырылған өтініш - екінші ата-ананың келісімін, егер ол Қазақстан Республикасынан тыс жер тұрған жағдайда ұсынады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды ресімдеген не Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушы 1), 2), 4), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылуға жатады.
Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының 80-бабына сәйкес бір тілден басқа тілге аударманың түпнұсқалығын нотариус куәландырады.
Шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шыққан құжаттар және актілер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен өзге көзделмесе "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастыру болған кезде қарауға қабылданады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.