Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

әрбір құжат үшін  0.5 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

порталда - 1 жұмыс күні;

облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдерінде - 1 жұмыс күні;

басқа Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдерінде - 5 жұмыс күні;

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша – 10 жұмыс күні.

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді.

Қызметтің толық атауы
Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

 

Көрсетілетін қызметті қалай онлайн алуға болады

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық – техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның немесе облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелердің мекен-жайына, сот құжаты шығарылған аймаққа қарамастан, өтініштің электрондық нысанын толтыру.
  3. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір апостильденген құжат үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу.
  4. Өтінішке мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережесіне  сәйкес қажетті құжаттарды қоса тіркеу, электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою және жіберу.
  5. Өтінішті уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі қарағаннан кейін пайдаланушыға жеке кабинетке ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) хабарлама және қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы SMS-хабарлама не бас тарту себептері көрсетілген жауап келіп түседі.
  6. Қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарламаны алғаннан кейін өтініш беруші апостиль қою үшін уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне сот актісінің түпнұсқасымен келуі қажет. Құжаттардың түпнұсқалары хабарламада (хабарламада) көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда қызмет көрсетуден бас тартылады. Қызметті алу үшін қайта жүгіну қажет.

Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш;
  2. Жеке куәлік және оның көшірмесі;
  3. Апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат;
  4. Егер мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген жағдайда нотариалдық куәландырылған сенімхаттың болуы;
  5. Қызметті алушының Т.Ә.А. өзгерткен жағдайда оны растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып)(егер өзгерту Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген жағдайда құжаттың көшірмесі ұсынылмайды);
  6. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік баж алым төлеу туралы түбіртек.

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесi: құжатқа қол қойған тұлға қолының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба – апостиль қойылған құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлама не бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі.