Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

I) 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін:
күндізгі оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығы;
сырттай (кешкі) оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығы;
өнер және мәдениет мамандықтары бойынша - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығы;
2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығы, оқудың кешкі нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығы;

II) 3 жұмыс күні

III) 5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

Назар аударыңыз!

  1. Бір үміткер бір ғана өтініш беруі керек (бір оқу орнында).
  2. Тіркелген құжаттардың жалпы көлемі 5 Мб аспауы керек.

Назар аударыңыз! Құрметті пайдаланушы! АХАЖ АЖ-да туу туралы актілік жазба бойынша деректер болмаған жағдайда, мәліметтерді өзектендіру үшін Сізге сілтеме бойынша сервисті пайдалану қажет.  АХАЖ АЖ мәліметтерін өзектендіру бойынша сәтті мәртебені алғаннан кейін Сізге қызметке қайта тапсырыс беру қажет.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

Назар аударыңыз!!!

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алу кезінде кездесетін қиындықтарды ескере отырып, Білім және ғылым Министрі медициналық анықтамалық құжаттарсыз оқу орындарына құжаттарды қабылдауға уақытша рұқсат беретін бұйрыққа қол қойды.

«Электрондық үкімет» порталына онлайн өтініш берген кезде - медициналық анықтамаларды бекіту өрісі міндетті емес болып табылады.

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитындарға жатақхана беру​

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну​

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе  дәлелді бас тарту туралы жауап.

2) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту.

3) Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.