Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

I - Ауыстыру үшін:
бір білім беру ұйымында бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне – 3 жұмыс күні;
бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына – 10 жұмыс күні;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға – 3 (үш) жұмыс күні;
ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға – 8 жұмыс күні;
бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына – 10 жұмыс күні ішінде;
шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде – 2 жұмыс күні ішінде.
Қайта қабылдау үшін:
бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына – 10 жұмыс күні;
білім беру ұйымында оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде білім алушылар оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда – 3 жұмыс күні.

II - Көрсетілетін қызметті берушіге, көрсетілетін қызметті беруші орналасқан жер бойынша Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған күннен бастап – 3 жұмыс күні, көрсетілетін қызметті беруші орналаспаған жер бойынша – 8 жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қhttp://zan.gov.kz/client/#!/doc/143117/kaz/139абылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Қызметтің толық атауы
Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

Ауыстыру үшін:

Бір білім беру ұйымында бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне:

  1. ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдері) еркін нысанда.

Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына:

  1. ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдері) еркін нысанда;
  2. білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға:

  1. ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдері) еркін нысанда;
  2. басқа білім беру ұйымына келгені туралы талон.

Ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға:

  1. ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдері) еркін нысанда.

Бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына басқа нысанға:

  1. ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдері) еркін нысанда;
  2. білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі.

Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде:

  1. меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт);
  2. Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтетін білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат;
  3. шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі түсу сынақтарының нәтижелері.

Қайта қабылдау үшін:

Бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына:

  1. ата-аналарының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) еркін нысандағы қайта қабылдау туралы өтініші;
  2. білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың көшірмесі.

Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде білім алушылар оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда:

  1. ата-аналарының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) еркін нысандағы қайта қабылдау туралы өтініші;
  2. төлем бойынша қарызын өтегені туралы құжат.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру

Қызметті мемлекеттік органнан және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы  (қажетті құжаттар):   

  1. өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін түпнұсқа талап етіледі).

Қызмет көрсету нәтижесі

1) Ауыстыру немесе қайта қабылдау туралы хабарлама не себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

2) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.