Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 5 жімыс күні ішінде

Қызметтің толық атауы
Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Барлық қажетті файлдарды тіркеңіз.
  3. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы») сұрау нәтижесі туралы хабарламаны оқыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

Спорт мектептеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру үшін:

  1. Спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде - заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Спорт объектісі (үй - жай) туралы мәліметтер.
  4. Спорт мектебінің спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында жасалған қолданыстағы шарт.
  5. Спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама.
  6. Спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтардың көшірмелері.

Спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру:

  1. Спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде - заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Спорт объектісі (үй - жай) туралы мәліметтер.
  4. Спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы жасалған қолданыстағы шарт.
  5. Спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама.

Қызмет көрсету нәтижесі

Спорт мектептеріне немесе спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтың көшірмесі.
Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат.