Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. сауалнама;
  2. жеке куәлігі және/немесе төлқұжатының түпнұсқасы (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
  3. білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады):

"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу үшін:

  • қосымшасымен бірге аттестат немесе қосымшасымен бірге негізгі орта білімі туралы куәлік, табель немесе орта арнайы білім беру бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптімен бірге оқу орнынан анықтама немесе қосымшасымен арнайы орта білімі туралы диплом;

"Магистратура"/"Резидентура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:

  • қосымшасымен бірге бакалавр/маман дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптімен бірге оқу орнынан анықтама;

"Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:

  • қосымшасымен бірге магистр дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптімен бірге оқу орнынан анықтама.

Шетелдік білім беру ұйымдарында оқыған жағдайда, білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;

  1. оқу тіліне сәйкес келетін шет тілін білетінін растайтын құжат (қабылдаушы тараптың талабы бойынша) бар болған жағдайда.

Қабылдаушы тарап тілдік оқудан өтуді ұсынған жағдайда шет тілін білетіндігін растайтын құжат талап етілмейді;

  1. таңдаған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмесі (болған жағдайда);
  2. "Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін ғылыми жарияланымдардың немесе оқу-әдістемелік (ғылыми) әзірлемелердің тізбесі (болған жағдайда);
  3. құжаттарды өкіл арқылы ұсынған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат;
  4. заңды өкiлдің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) шетелге оқуға жіберуге жазбаша нотариалдық келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
  5. келесі тұлғалар санатына жататындығы туралы фактіні растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқа салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады):
  • жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • бала жасынан мүгедек және мүгедек балалар - мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
  • көп балалы отбасынан шыққан балалар - төрт және одан көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмелері;
  1. шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыру көшірмесінің мемлекеттік тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары бар болған жағдайда.

Қызмет көрсету нәтижесі

Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысуға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.