Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өту және  "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелген болу керек) қол қою.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

  1. өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. АХАЖ АЖ-де не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мәліметтер болмаған кезде неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
  4. көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;
  5. көрсетілетін қызметті алушының және некеде тұрған жағдайда жұбайының (зайыбының) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
  6. көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) некеде тұрған жағдайда жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын (жалдау шартын) растайтын құжаттардың көшірмелері;
  7. екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашу туралы шарттың көшірмесі;
  8. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың дайындықтан өткені туралы сертификат;
  9. 12-қосымшасына сәйкес баланың (балалардың) (он жасқа толған кезде) пікірі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру туралы хабарлама және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешім не осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.