Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1-кезең: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі - күнтізбелік 30 күн

2-кезең: тұрғын үйді мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке берген жағдайда - 15 жұмыс күні

3- кезең: тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау – 5 жұмыс күні

 

Қызметтің толық атауы
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру

Қызметті онлайн режимінде алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз (қызметті алу үшін сіз www.gosreestr.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
  2. Өтінімді www.gosreestr.kz сайтында толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою. Тіркелу кезінде көрсетілген электронды поштада көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінішіңізді қарау туралы хабарламаны оқыңыз.

Мемлекеттік қызметті алу (қажетті құжаттар):

1) 1-кезең:

  1. Өтініш.
  2. Некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (қажеттілігіне қарай) куәліктердің электрондық көшірмелері.
  3. Жалдау (жалға алу) шартын не тұрғын үй ордерінің электрондық көшірмелері.
  4. Өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда алғашқысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің электрондық көшірмесі ұсынады.
  5. Халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
  6. Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманың электрондық көшірмесі не қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мәртебесін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады.
  7. Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша берешегі жоқтығын растайтын құжат.
  8. Жекешелендірген жағдайда - мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жеке меншікке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататындығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

2) 2-кезең:

Мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссияларының шешімдері болғанда мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғын үйді коммуналдық меншікке беру:

  1. Мүлікті коммуналдық меншікке беру туралы уәкілетті органның бұйрығының.

  2. Мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне қабылдау-беру актісінің көшірмесі.

3) 3-кезең:

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт элеқтрондық нұсқа жасауды.

Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы куәліктің (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы анықтамалардың, мекенжай анықтамаларының, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің, көрсетілетін қызметті алушының немесе оның отбасы мүшелерінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызмет берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы электрондық құжаттар нысанында беріледі.

Қызмет көрсету нәтижесі

1-кезең: тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйді жекешелендіру немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту туралы шешімі;

2-кезең: тұрғын үйді беру туралы шешім шығарылған күннен бастап оны мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке берген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тұрғын үйді беретін орган жекешелендіруге жататын тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстыруды жүзеге асырған кезде бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушыға төленуі тиіс сома көрсетілген тұрғын үйдің құны туралы анықтама беріледі.

3-кезең: жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау.