Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

30 күнтізбелік күн

Қызметтің толық атауы
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу.
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) сіздің кезегіңіз келгенде келіп түсетін, өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

*Онлайн-қызмет мына өңірлердің тұрғындары үшін қолжетімді: Ақмола облысы, Ақтөбе облысы,  Атырау  облысы,  Алматы  облысы, Павлодар  облысы, Шығыс- Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Батыс- Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Қостанай облысы, Маңғыстау  облысы, Түркістан облысы, Солтүстік- Қазақстан облысы және Алматы, Нұр-Сұлтан республикалық маңызы бар қалалар тұрғындары ала алады. 

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ тапсыратын қажетті құжаттар:  

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы талап етіледі).
  3. Республикалық маңызы бар қалаларда, Нұр-Сұлтан кемінде үш жыл тұрғанын растайтын құжаттарды ұсынады.
  4. Некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейін), балалардың тууы туралы куәліктердің (2007 жылғы 13 тамызға дейін) көшірмелері.
  5. Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасын ұсынады.

халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын көрсетілетін қызметті алушылар (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаған кезде:

  1. Өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы туралы мәліметтер қосымша ұсынылады;

мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетілетін қызметті алушылар өтініш жасаған кезде:

  1. Жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады;

ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі берген, олардың мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады;

отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы:

  1. Тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.

Ескертпе* Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын көрсетілетін қызметті алушы (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаған кезде:

  • өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы туралы анықтаманы қосымша ұсынады;
  • мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі берген, олардың мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады;
  • отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады. 

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының электрондық кезекке тіркелген жері бойынша көрсетіледі.

 

ҚР қолжетімді аудандарының толық тізімін қарау

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Кезегінің реттік нөмірін көрсетіп, есепке қою туралы хабарлама немесе есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауап