Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Қосымшаға сәйкес

Қызмет көрсету мерзімі

елді мекендер үшін - 5 жұмыс күні

басқа санаттағы жерлер үшін - 10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер  ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді. 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Қадамдық процеске сәйкес өтінімді толтырыңыз.
  3. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе бір реттік парольмен қол қойыңыз.
  4. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар)    

  1. Өтініш.
  2. Таңдау актісі және (немесе) жер учаскесін орналастыру схемасы.
  3. Жеке куәлiгi.
  4. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).

 

Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісі не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап