Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот төрелігі академиясына оқуға құжаттарды қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
Қызметті беруші арқылы жүгінген кезде - 30 минут Портал арқылы жүгінген кезде - 1 жұмыс күні
Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот төрелігі академиясына оқуға құжаттарды қабылдау

Көрсетілетін қызметті қалай онлайн алуға болады:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өтіңіз (қызметті алу үшін сізде office.sud.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. Оffice.sud.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз, сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. "Сот кабинеті" сервисінде өтінішті қарастыру мәртебесін қадағалаңыз.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат.
  3. Жоғары білім туралы құжат (құжаттың қосымшасымен бірге), (сәйкестендіру үшін ұсынылады, қызмет көрсетушінің қызметкері көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады).
  4. Жолдама.
  5. Жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтама.
  6. Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша (егер бар болса) шет тілінен тест тапсыру туралы сертификат (сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады)
  7. 3х4 см көлемдегі түрлі-түсті фотосурет (алты дана).
  8. 086/У нысандағы медициналық анықтама.

Қызмет көрсету нәтижесі

Құжаттарды қабылдау туралы қолхат немесе құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту туралы қолхат.