Білім беру ұйымдарында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін құжаттар қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация
Оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1)90 күнтізбелік күннен 365 күнтізбелік күнге дейін

2)30 күнтізбелік күн.

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде психологиялық-медициналық-педагогикалық қарау күні жүгінген күні белгіленеді.
Портал арқылы жүгінген кезде психологиялық-медициналық-педагогикалық сараптама күні 2 (екі) жұмыс күні ішінде тағайындалады.

Қызметтің толық атауы
Білім беру ұйымдарында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін құжаттар қабылдау

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда Авторизациядан өту және  "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелген болу керек) қол қою.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші
  2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Туу туралы куәлік (тексеру үшін түпнұсқасы).
  2. Бар болса - мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі.
  3. Денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін).

Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:

  1. № 112/у «Баланың даму тарихы» нысаны, № 027/у «Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме» нысаны.
  2. Білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме.
  3. Оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері  және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері.

1), 2) тармақшаларда аталған құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

1) Нысан бойынша анықтама беру.

2) Ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтік қызметтерді, білім беру бағдарламасының нысаны көрсетілген мемлекеттік жазбаша қорытынды.