Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

"Азаматтарға арналған үкімет" АК КЕАҚ және порталда:

мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болғанда  - 5 минут;
мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер жоқ болған жағдайда  - 1 жұмыс күні;

ЖӘБО-да анықтама беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 30 жұмыс күніне дейін ұзартылады. ЖӘБО кейіннен өтініш берген жеке тұлғаны мерзімді ұзарту туралы бір жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, сұрау салынған ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салу жолдайды.

 

Қызметтің толық атауы
Жеңілдігі бар адамдарға (ҰОС қатысушыларына, Чернобыль апатын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтама беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Белгіленген үлгідегі өтініш.
  2. Жеке куәлігінің көшірмесі.

Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар алу.