Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық резервіне қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

"А" корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысқан адамдардың құжаттарын қабылдау аяқталған сәттен бастап әңгімелесуді өткізгенге дейін – 38 жұмыс күнi ішінде

Қызметтің толық атауы
Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық резервіне қабылдау

Қызметті онлайн алу:

  1. Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Мемлекеттік қызмет санатын таңдау.
  3. Жолдарды толтыру және қажетті құжаттарды қоса тіркеу:
  • мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігін қоспағанда, қосымшасымен бірге жоғары білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
  • қызметтік тізімнің электрондық көшірмесі;
  • еңбек қызметiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
  • ұсынымхаттың электрондық көшірмесі;
  • өмірбаянның электрондық көшірмесі.
  1. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).

Ол туралы мәліметтер "Е-қызмет" БАЖ сақталатын  мемлекеттік қызметкерлер үшін деректер автоматты алынатын болады.

 

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтiнiш.
  2. Жеке куәлік (сәйкестендіру үшін қажет).
  3. Бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi.
  4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшірмесі.
  5. "А" корпусының кадр резервіне үміткердің қызметтік тізімі.
  6. "А" корпусының кадр резервіне үміткерді ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде ресімделген, қолы қойылған күні, үміткердің тегі, аты және әкесінің аты, оның кәсіби және жеке басының қасиеттері, танысу, қызметтес болу ұзақтығы мен жағдайлары жазылған мінездемесі көрсетілген ұсынымхат. Ұсынымхаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап үш айдан аспайды.
  7. Өмірбаян.
  8. Ұлттық комиссияның шешімімен белгіленетін құжаттар.

Қызмет көрсету нәтижесі

Агенттіктің кадр резервіне алу туралы бұйрығынан үзінді.

Порталда - электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.