Спорттық атақтар мен санаттар беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

24 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу жолы

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭСҚ-мен (электронды сандық қолтаңба) қол қою.
  3. Жеке кабинетте («Қызметті алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы (қажетті құжаттар):

"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атақтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Нысан бойынша ұсыныс.
  4. Спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясының мөрімен және оның басшысының қолымен куәландырылған жарыс хаттамаларының көшірмелері.
  5. 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет.

"Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атақтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:  

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Нысан бойынша ұсыныс.
  4. Спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерациясының мөрімен және оның басшысының қолымен куәландырылған жарыс хаттамаларының көшірмелері.
  5. 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет.

"Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы", "біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы", "біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы", "біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы" біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: 

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Кәсіптік білімі туралы диплом.
  4. Жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірмесін, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама.
  5. Нысан жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы.
  6. Спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен куәландырылған жарыстар хаттамаларының көшірмелері немесе спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) тізімінің көшірмесі.

"Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер", "біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер" біліктілік санатарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органының қолдаухаты.
  4. Кәсіптік білімі туралы диплом.
  5. Жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама.
  6. Әдістемелік әзірлеме.

"Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы" біліктілік санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Білімі туралы диплом.
  4. Жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттың анықтамасы.
  5. Спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен куәландырылған, спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген санат беру туралы қолдаухат.

"Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі", "ұлттық спорт төрешісі" біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:​

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
  2. Өтініш.
  3. Нысан бойынша ұсыным.
  4. Спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерация өткізетін төрешілердің республикалық семинарынан өткені туралы анықтама.
  5. Өрешілік туралы анықтамасы немесе өтініш берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі.
  6. 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет.

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық атақ беру туралы куәлік немесе біліктілік санатын беру туралы куәлік және (немесе) тиісті омырауға тағатын белгі немесе спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.