Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші арқылы - 2 (екі) жұмыс күні;

 Портал арқылы – 1 (бір) жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алу үшін:

  1. Еркін нысандағы өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін).
  3. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығу рұқсатының көшірмесі.
  4. Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алу карточкасы.

Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алу үшін:

  1. Еркін нысандағы өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін).
  3. Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алу карточкасы.

Қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет, есепке қою туралы анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.