Салық есептілігін қабылдау (250.00-нысандағы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация)

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

15 минут

Қызметтің толық атауы
Салық есептілігін қабылдау (250.00-нысандағы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация)

Құрметті салық төлеуші!

Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап көзделгенін ескере отырып, бұл қызмет сынақ қызметі болып табылады және тек алдын ала дайындау-ақпараттық мақсаттын көздейді.

2021 жылдың 1 қаңтарына дейін осы сервисте декларацияны табыс ету міндетті болып табылмайды, осыған байланысты пайдаланушының оны ұсыну нəтижелері бойынша жауапкершілігі туындамайды.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Жылжымайтын мүліктің болуы туралы» және «Көлік құралдары туралы мәліметтер» деген бөлімдерінде көрсетілген мүліктер туралы мәліметтермен келіспеген жағдайда, 1414 телефонына «Біріңғай байланыс орталығына» аталған қателер бойынша хабарлауды сұрайды.

Қызметті онлайн алу

  1.  Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тексеріп толтырыңыз (250.00 нысан).
  3. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз.
  4. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызмет көрсету нәтижесі

Салық есептілігін қабылдау/қабылдамау туралы хабарлама