Шетелде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Шетелде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

Қызметті онлайн алу:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінішті толтыру және  ЭЦҚ өтінішіне қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) қызмет көрсету нәтижелерімен танысыңыз.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

  1. өтініш;
  2. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;
  3. білім туралы құжаттары:

"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:

  • ЖОО мөрімен куәландырылған ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;

"Магистратура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:

  • бакалавр/маман дипломы қосымшасымен және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;

"Резидентура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:

  • бакалавр/маман дипломы қосымшасымен, интернатураны бітіру туралы куәлік қосымшасымен және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;

"Докторантура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:

  • магистр дипломы қосымшасымен немесе резидентураны бітіргені туралы куәлігі және ғылыми диссертацияның өзектілігі мен оқытуға жіберу керектігі туралы кафедра отырысы хаттамасының үзіндісі;
  1. шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төменде ұсынылған құжаттардың бірін ұсынады):
  • шет тілін меңгеруді халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған сертификат, болған жағдайда;
  • студенттің шет тілді меңгеру деңгейімен келісетіндігі туралы шетел ЖОО-ның хаты;
  • қазақстандық ЖОО-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейден төмен емес);
  1. медициналық анықтама (шетелге шығушылар үшін);
  2. он сегіз жасқа толмаған үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге баруға қарсы еместігі туралы жазбаша келісімі;
  3. студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
  4. студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болған жағдайда);
  5. студенттің мүгедектігі туралы анықтама (болған жағдайда);

Қызмет көрсету нәтижесі

Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы қолхат.