Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға - 10 жұмыс күні ішінде;

Зейнетақы жарналары бар қайтыс болған азаматтың отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырушы адамдарға - 5 жұмыс күні ішінде;

Егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткендерге, қайтыс болған азаматтың зейнетақы жарналарының мұрагерлеріне - 10 жұмыс күні ішінде.

Қызметтің толық атауы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба)көмегімен қол қойыңыз.
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
  3. Көрсетілетін қызметті алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.

Ескерту

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру.