Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Кемінде 10 минут

Қызметтің толық атауы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер  ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді. 

Зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз

Қызметті онлайн алу

  1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат.

Сенім білдірілген адам жүгінген кезде:

  1. Жеке басын куәландыратын құжат.
  2. Мемлекеттік қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – нотариалды куәландырылған сенімхат.

Мұрагерлер жүгінген кезде:

  1. Жеке басын куәландыратын құжат.
  2. Өсиетхат – өсиетхатта көрсетілген адамдар үшін.
  3. Мұраға құқықтылығы туралы куәлiк – куәлікте көрсетілген адамдар үшін.

Нотариустар және шетел консулдық мекемелері жүгінген кезде – мұрагерлік іс, қайтыс болуы туралы куәлік;

Соттар жүгінген кезде - олардың өндірісіндегі істер бойынша анықтама.

Қызмет көрсету нәтижесі

Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу немесе одан бас тарту туралы дәйекті жауап.