Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 жұмыс күні;

Іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда ұсынылған құжаттың  дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат сұрату үшін қажеттігіне қарай – 30 жұмыс күні мерзіміне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты Мемлекеттік корпорацияға ұсынған күннен бастап –  8 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні – 5 жұмыс күні ішінде хабардар етеді;

Порталда – 30 минут

Қызметтің толық атауы
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер  ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

 Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органнан және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар)

Мемлекеттік корпорацияға қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:​

1) Мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде көрсетілетін қызметті беруші.

2) Мемлекеттік корпорация арқылы жәрдемақы тағайындауға өтініш білдірген жағдайда.

3) Портал – жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу бөлігінде.

  1. Өтініш беруші (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде 1-қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады:
  2. жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, туу туралы куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  3. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - шекаралас аумақтағы елді мекендегі тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгендігі туралы мәліметтер;
  4. осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-бағанының 2-тармағында көрсетілген жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжаттар.

Жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар:

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жәрдемақы тағайындау туралы немесе одан бас тарту туралы хабарлама беру.

Порталда жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат.