Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Порталға, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасы тіркелген сәттен бастап - 7 жұмыс күні
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі жетіспейтін құжатты (құжаттарды) толықтыру үшін қажеттілігіне қарай іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзімге ұзартылады.

Қызметтің толық атауы
Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер  ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді. 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою. Өтінімде "Қазпошта" АҚ-да, "Халық Банкі" АҚ-да ашылған жеке шоттың (IBAN) нөмірін көрсету қажет.

Ескерту: жеке шот өтініш берушінің атына ашылуы тиіс

  1. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламамен танысу. Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі. 

*Онлайн-қызмет тек бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау бөлігінде ғана көрсетіледі және 2007 жылғы 13 тамыздан бастап баланың туу туралы жазба актісі жазылған, сондай-ақ 2008 жылғы 1 маусымнан бастап некеге тұрған азаматтар үшін қолжетімді.

Қызметті  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Қызметті алушы (немесе нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады
  2. өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат - сәйкестендіру үшін.
  3. Оралман мәртебесі бар адамдар бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындауға жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін оралман куәлігін ұсынады;
  4. баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
  5. өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда - неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік;
  6. балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген немесе баланы асырап алған жағдайда - балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер;
  7. Үшінші тұлғалар өтінішті және қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда - нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам куәландырған сенімхат.
  8. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.

Қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.