Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру
Тегін
4 сағат
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
«БЖЗҚ» АҚ қызметті қалай алуға болады? (қажетті құжаттар)
- Көрсетілетін қызметті алушы жеке өтініш жасаған кезде – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін түпнұсқасы).
- Сенім білдірілген адам өтініш жасаған кезде – сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы), сенімхат (сенімхаттың нотариат растаған түпнұсқасы не нотариат куәландырған көшірмесі), салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.
Ескерту: Зейнетақы аударымдары бойынша Порталда 2 сервис ұсынылған: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру және Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу.
Бірінші сервис БЖЗҚ-дағы деректерге ұқсас деректерді көрсетеді, ал екінші сервис сіздің инвестициялық кірісті есепке алмағанда және тек соңғы жылдағы әдепкі зейнетақы аударымдарыңыздың мөлшерін көрсетеді. Сіз 2 қызметті пайдаланған боларсыз: онда инвестициялық табысты есепке алмағанда, бір жылдағы жинақ сомасы көрсетілген, сондықтан осындай айырмашылық.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралыанықтаманы қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызмет көрсету нәтижесі
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өзі жүгінген кезде: салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіден қағаз жеткізгіште алу;
2) портал арқылы жүгінген кезде: салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіден электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында алу.