Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Қызметті беруші және порталда - 20 минут ішінде

Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған кезде - 1 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

Қызметтің толық атауы
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
    2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  2. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы (қажетті құжаттар):

  1. Нысандағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу.
  2. Жеке тұлғаның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхатты.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін төлнұсқа беріледі).
  • Адвокаттар қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама ұсынады.
  • Уақытша, банкроттық және оңалту басқарушылары, борышкердің дәрменсіз екендігі туралы соттың шешімі, соттың сырттай байқауды енгізу туралы ұйғарымы және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттық және оңалтуды басқарушыларды тағайындау туралы бұйрығын ұсынады.
  • Тарату комиссиясы, тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұйрық және тарату комиссиясы төрағасы берген сенімхат ұсынады.
  • Мұрагерлер мұраға құқық туралы куәлікті немесе мүліктік емес құқықтан тұратын мұраға құқық туралы куәлікті немесе нотариалды куәландырылған мұрагерлер тобын анықтайтын құжатты.
  • Кондоминиум объектісінің қатысушысы, құқық белгілейтін құжатты немесе осы қатысушының меншік құқығындағы қайталама жылжымайтын мүлік объектісінің нотариалды куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін немесе кондоминиум қатысушылары өкілдерінің өкілеттігін растайтын кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасын ұсынады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама