Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге және порталға - күнтізбелік 20 минут ішінде
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған кезде - 1 жұмыс күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді)

Қызметтің толық атауы
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Көрсетілген мерзімге жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз

 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):   

  1. Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу.
  2. Заңды тұлғалар өкілеттіктерін куәландыратын құжатты.
  3. Жеке тұлғаның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхатты.
  4. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін төлнұсқа беріледі).
  • Адвокаттар қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама ұсынады.
  • Уақытша, банкроттық және оңалту басқарушылары, борышкердің дәрменсіз екендігі туралы соттың шешімі, соттың сырттай байқауды енгізу туралы ұйғарымы және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттық және оңалтуды басқарушыларды тағайындау туралы бұйрығын ұсынады.
  • Тарату комиссиясы, тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұйрық және тарату комиссиясы төрағасы берген сенімхат ұсынады.
  • Мұрагерлер мұраға құқық туралы куәлікті немесе мүліктік емес құқықтан тұратын мұраға құқық туралы куәлікті немесе нотариалды куәландырылған мұрагерлер тобын анықтайтын құжатты.
  • Кондоминиум объектісінің қатысушысы, құқық белгілейтін құжатты немесе осы қатысушының меншік құқығындағы қайталама жылжымайтын мүлік объектісінің нотариалды куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін немесе кондоминиум қатысушылары өкілдерінің өкілеттігін растайтын кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасын ұсынады.

Көрсетілген мерзімге жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы сурдоаудармасы бар бейнероликті қараңыз

div class="media_embed" height="315px" width="560px">

Қызмет көрсету нәтижесі

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.