Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

Тіркеу органы куәландырған тіркеу ісіндегі құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, ақпарат алуға сұрау салу - 3 күннен кешіктірмей беріледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді)

 

Қызметтің толық атауы
Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті қалай онлайн алуға болады

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті) қол қою.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):

Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі жүгінген кезде:

  • заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат.
  • жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша.
  1. Нысан бойынша құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін төлнұсқа беріледі).

Қызмет көрсету нәтижесі

Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру.