Жылжымайтын мүлiк объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын алуға электрондық өтінішті беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес айқындалады.

Қызмет көрсету мерзімі

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге, жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорттың телнұсқасы - бірінші жұмыс күнi.

Жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасы - екінші жұмыс күні.

Жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге техникалық паспорттың телнұсқасы - үшінші жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің техникалық паспортының телнұсқасын беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.

Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды

  1. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
  2. Жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен және ескертумен көрсетілген уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ   бару.

Қазіргі уақытта төлем келесі аймақтар үшін қолжетімсіз:

Акмола облыстық МКД

Актөбе облыстық МКД

Алматы облыстық МКД

Атырау облыстық МКД

Шығыс-Қазақстан облыстық МКД

Жамбыл облыстық МКД

Батыс-Қазақстан облыстық МКД

Қарағанды облыстық МКД

Қызылорда облыстық МКД

Қостанай облысы бойынша МКД

Манғыстау облыстық МКД

Павлодар облыстық МКД

Солтүстік Қазақстан облыстық МКД

Түркістан облыстық МКД

Шымкент қалалық МКБ

Ақпараттық технологиялар паркі МКБ

Нұр-Сұлтан қалалық МКД

«Нұр-Сұлтан-жаңа қала» МКБ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):

Қызметті алушы (жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі, құқық иеленушісі) не оның өкілі жүгінген кезде:

  • өкілеттігін растайтын құжаты бойынша занды тұлға үшін.
  • нотариалды куәландырған сенімхаты бойынша жеке тұлға үшін.
  1. Техникалық паспорттың телнұсқасына телнұсқа беруге өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады).
  3. Техникалық паспорт телнұсқасын бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының телнұсқасы.

Порталда - мемлекеттік кызмет нәтижесін алу орны мен күні көрсетіле отырып, оның дайындығы туралы хабарлама.