Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес айқындалады.

Қызмет көрсету мерзімі

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

1) Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңа құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу - 1 жұмыс күні.

Жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын қоса бере отырып, жүргізілген техникалық тексеру қорытындысы бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру:

1) пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер 3 жұмыс күнi берiледi;

2) жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары 5 жұмыс күнi берiледi;

3) жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері 7 жұмыс күнінде беріледі;

4) жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектілер көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күннен бастап 10 жұмыс күні берiледi;

5) бірінші күрделілік санатына жататын осы тармақшаның екі және үш абзацтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерін қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектілері 5 жұмыс күні беріледі.

Мерзімді одан әрі ұзарту көрсетілетін қызметті алушымен келісім бойынша объектінің күрделілік санатына байланысты жүргізіледі, бұл ретте жалпы мерзім көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күннен бастап екі айдан аспауға тиіс.

Қызметтің толық атауы
Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу.
  4. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.

Құқықты белгілейтін құжаттардың тізілімі:

Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды

  1. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
  2. Жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен және ескертумен көрсетілген уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бару.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы»КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  • өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін;
  • жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша.

Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу бойынша

Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтерден алшақтықтарды белгілеу туралы қорытындыны беру бойынша

Пәтерді, жатақханалардағы бөлмелерді және жапсарлас үй-жайларды техникалық тексеруге өтініш білдірген жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылмайды.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1. Мемлекеттік корпорацияда - құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу туралы белгісі бар жылжымайтын мүлік объектісін пайдалануға қабылдау акті. Техникалық паспортты қоса бере отырып, жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.

2. Порталда - көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне алу орны мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі. Пәтерге, жатақханалардағы бөлмеге, жеке гараждарға және саяжай құрылыстарына электрондық техникалық паспорт. Жүргізілген техникалық тексеру қорытындылары бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды ресімделеді. Бұл ретте жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын қоса бере отырып, жүргізілген техникалық тексеру қорытындылары бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды) көрсетілетін қызметті беруші жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын қоса бере отырып, қорытынды бергені үшін қосымша төлемді растайтын құжатты береді, ал заңды тұлғалармен қызмет көрсету шартын жасасу кезінде оларға қол қойған орындалған жұмыстар акті қосымша ұсынылады.