Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес айқындалады.

Қызмет көрсету мерзімі

Қызметті берушіге (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) және порталға:

1) пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер, жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары 1 жұмыс күні;
2) жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері 2 жұмыс күні беріледі;
3) жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлік объектілері 3 жұмыс күні беріледі.

Қызметтің толық атауы
Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу жолы

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. «Электронды үкімет» веб-порталында өтініш толтыру.
  3. Жалпы үлестік және жалпы біріккен меншік кезінде 3 күнтізбелік күн ішінде басқа иелердің, жарының электронды келісімін алу.
  4. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
    • Төлем тәсілін таңдау (кез келген банктің төлем карталары немесе "Сбербанк" АҚ ЕБ дербес шоты арқылы).
    • Төлем картасының/дербес шоттың барлық мәліметтерін енгізу (нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код).
    • Төлемнің аяқталуы бойынша төлем туралы чек қалыптасады. Барлық чектер жеке кабинетте «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында сақталады.
    • Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды.
  1. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).

  2. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
  3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тан қағазды алу.

Қызмет жылжымайтын мүлік тіркелген жерде көрсетіледі, сондай-ақ қызметті алушы 18 жастан асқан болуы тиіс.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):

Алушы немесе оның өкілі жүгінген кезде:

  • өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін;
  • жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша.
  1. Техникалық паспорттың телнұсқасын беруге өтiнiш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі.
  3. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат.
  4. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасына сәйкес төлемді растайтын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасы.
Порталда - көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне алу орны мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.