Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Салық кодексінде белгiленген ставкаларға сәйкес

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесінде көрсетілген мерзімге сәйкес

 

Қызметтің толық атауы
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Хабарландыруда көрсетілген бірегей кодты еңгізу.
  3. Төлем ақы құнымен танысу.  
  4. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
  5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар): 

  1. Жеке тұлға үшін өтініш, заңды тұлға үшін өтініш.
  • Ортақ бірлескен меншік құқығының туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеген кезде тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар немесе олардың біреуі қалған қатысушылардың нотариалды тәртіппен куәландырылған келісімін ұсына отырып беруі мүмкін.
  • Ортақ үлестік меншік құқығының (өзге ортақ құқықтың) туындауын, өзгеруін, немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеген кезде барлық қатысушылар (уәкілетті өкілдер) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілуі тиіс.
  1. Тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжатты ұсынуға тиіс.
  • Жер учаскесіне құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеген жағдайда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады.
  • Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға берген кезде құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылады.
  1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлегенін растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
  • Құқық (құқық ауыртпалықтары) шарты негізінде пайда болатын немесе өзге де нотариат куәландырмаған мәміле болған жағдайда, оларды белгіленген тәртіппен барлық қатысушылары өтініш беруге тиіс.
    Банктік қарыз шартын қамтамасыз етудегі кепілдің басталуын және өзгеруін тіркеу үшін берілетін өтінішті, кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы береді. Өтінішті кепіл ұстаушы берген жағдайда, ондай тіркеуге кепіл берушінің нотариалды куәландырылған келісімі талап етіледі.
  • Талап ету құқықтарын беру (талаптар) кезінде, жылжымайтын мүлік кепіл шарттар бойынша, кепілдің басталуына және өзгеруін тіркеуге кепіл берушінің келісімінсіз құқықтары (талаптары) оған берілген кепіл ұстаушымен өтініш беріледі.
  • Неке шарты болған кезде, мұндай шарт екі данада беріледі, олардың біреуі төлнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болып табылады.
    Деректері құқық белгілейтін құжатта көрсетілмеген жұбайының біреуінің құқығын тіркеу үшін "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге берілген өтініште неке қатынастарында тұрғаны туралы фактінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді немесе неке қатынастарының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
  • Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні немесе заңды тұлғаның атауы, тіркеу нөмірі өзгерген кезде өзгерістерді тіркеу туралы өтінішті осындай өзгерістер жататын құқық иеленуші береді:

- заңды тұлғалар құрылтай құжаттарында ұсынады;
- "Акционерлік қоғамдар туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда құрылтайшылардың (қатысушылар, директорлар кеңесі, акционерлер кеңесі) жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен айыруға жиналыстарының хаттамалары (олардан үзінді көшірмелер) ұсынылады;
- шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік тілдегі және орыс тілдегі нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге ұсынады.

Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кететіні туралы мәліметтер болса, онда көрсетілетін қызметті алушы монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады.

Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын растайтын құжаттар екі данада ұсынылады, олардың біреуі төлнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болып табылады.

Құқық белгілейтін құжат сот актісі болған жағдайларда және құқық иесіне құжаттың төлнұсқасы берілмейтін өзге де жағдайларда, тіркеу үшін осындай екі көшірмесі беріледі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру болып табылады;
3) көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту.

БНАЖ арқылы:
1) электрондық тіркеу үшін жүргізілген тіркеу туралы хабарламаны жібереді;
2) көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту.