Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Қызмет мемлекеттік статистика саласындағы ҚР заңнамасына сәйкес бағалар бойынша ақылы түрде көрсетіледі

Қызмет көрсету мерзімі

9 жұмыс күні

 

Қызметтің толық атауы
Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру

Қызметті онлайн алу (қажетті құжаттар)    

  1.  Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Еgov.kz электрондық үкімет сайтында өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою. Жүйеде алғашқы авторланған кезде көрсетілген электрондық поштада өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
  3.  Жеке кабинетке төлем сомасы туралы хабарлама келіп түседі.
  4.  Көрсетілетін қызметті алушы «Төлеу» түймесін басады.
  5.  Төлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына ақпарат келеді.

 

Қызметті мемлекеттік органнан  алу (қажетті құжаттар):

Жеке және заңды тұлғалар үшін(жеке басты куәландыратын құжат бойынша  немесе сенімхат бойынша):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Өкілі жүгінген кезде өкілеттікті растайтын құжат.
  4. Төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек немесе төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы).

Қызмет көрсету нәтижесі

Қызмет беруші арқылы   - ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру , сұратылып отырған статистикалық ақпараттың жоқтығы туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Порталда - статистикалық ақпаратты беру туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартатыны туралы хабарлама.