Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Айыппұл жекелеген санаттар үшін қарастырылған

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша дайындықтан өткен, сондай-ақ офицерлер құрамына аттестатталған азаматтар үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлік.
  3. Тіркеу туралы куәліктің немесе запастағы сержант, сарбаз әскери билетінің түпнұсқасы.
  4. 3х4 фотосурет – 2 дана (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 %-ін алатындай жасалуға тиіс).

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан, Мемлекеттік күзет қызметінен және құқық қорғау органдарынан запасқа шығарылған азаматтар үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлік.
  3. Жергілікті әскери басқару органында әскери есепке қою туралы анықтама. 
  4. Әскери қызметке жарамдылық санатын растайтын құжат (денсаулық жағдайы бойынша шығарылған азаматтар үшін)
  5. 3х4 фотосурет – 2 дана (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 %-ін алатындай жасалуға тиіс).

басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген және ҚР азаматтығын алған запастағы офицерлер, сарбаздар, сержанттар қатарындағы азаматтар үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлік.
  3. Әскери қызметке қатынасын растайтын құжат (нотариат растаған және мемлекеттік (орыс) тілге аударылған) (бар болған кезде). 
  4. Некеге тұру туралы куәлік (бар болған кезде мемлекеттік (орыс) тілге аударылған) (түпнұсқасы салыстыру үшін). 
  5. Білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған кезде мемлекеттік (орыс) тілге аударылған (түпнұсқасы салыстыру үшін).
  6. 3х4 фотосурет – 2 дана (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 %-ін алатындай жасалуға тиіс).

ескі үлгідегі әскери билетті жаңасына ауыстырған кезде:

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлік.
  3. Әскери билеттің түпнұсқасы (ескі үлгідегі).
  4. 3х4 фотосурет – 2 дана (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 %-ін алатындай жасалуға тиіс).

әскери билетті жоғалтқан және ол бүлінген кезде:

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлік.
  3. Жергілікті әскери басқару органында әскери есепке қою туралы анықтама (тұрғылықты жерін ауыстыру кезінде жеке әскери-есептік құжатын жоғалтқан запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін). 
  4. Әскери билеттің түпнұсқасы (бүлінген жағдайда). 
  5. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 649-бабында көзделген айыппұлдың төленгені туралы түбіртек (құқық бұзушылық бар болған кезде) (ЭҮШП басқа).
  6. 3х4 фотосурет – 2 дана (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 %-ін алатындай жасалуға тиіс).

тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде:

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлік.
  3. Қолда бар әскери билеттің түпнұсқасы.
  4. 3х4 фотосурет – 2 дана (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 %-ін алатындай жасалуға тиіс).

офицерлер құрамының әскери атағында қайта қалпына келтірілгендерге:

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлік.
  3. 3х4 фотосурет – 2 дана (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 %-ін алатындай жасалуға тиіс).

денсаулық жағдайы бойынша әскери есепке берілуге жататын 27 жасқа толмаған әскери міндеттілерге:

әскерге шақырудың кейінге қалдырылуына (босатылуына) байланысты әскери қызмет өткермеген және осы ЖӘБО-да әскери есепте тұрған 27 жасқа толғандарға:

әскери қызмет өткермеген, бұдан бұрын әскери есепте тұрмаған және әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген 27 жасқа толғандарға:

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға:

арнаулы және құқық қорғау органдарынан запасқа шығарылған, әскери билеті жоқ запастағы сержанттарға, сарбаздарға:

медициналық білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін әскери-есептік мамандықтар алған әйелдерге:

әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлықтан өткен азаматтарға:

туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інілері немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған әскерге шақыру жасындағы азаматтарға:

ғылыми дәрежесі барларға:

тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлеріне:

келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскерге шақырылатын әйелдерге:

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «Мемлекеттік корпорация» арқылы жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.