Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

Айыппұл жекелеген санаттар үшін қарастырылған.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

Он жеті жасқа толған жылы қаңтар – наурызда тіркеуден өтпеген және 18 жасқа толмаған көрсетілетін қызметті алушы алғаш рет өтініш жасаған кезде:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат.
  3. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 647-бабы бойынша азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыппұлды төлегені туралы түбіртек (бұзушылық фактісі бар болған кезде) («электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатындардан басқа).
  4. 3х4 см фотосурет – 2 дана (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 %-ін алатындай жасалуға тиіс).

Бұдан бұрын он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейін әскери есепке тұрмаған және әскерге шақыру учаскесіне тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы алғаш рет өтініш жасаған кезде (құжаттар ЖӘБО-да медициналық куәландырудан өткеннен соң қабылданады):

Тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан немесе ол бүлінген кезде:

Тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде:

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «Мемлекеттік корпорация» арқылы жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.