Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Порталда 15 минут

Комитетте 1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу

Қызметті онлайн қалай алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінім берушінің жеке мәліметтерін, сондай-ақ шетелдіктің және азаматтығы жоқ тұлғаның, ҚР уақытша келушінің мәліметтерін көрсетумен өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

* Онлайн тіркелу пилоттық режимде шетелдікті/азаматтығы жоқ тұлғаны жеке сапармен қабылдайтын ҚР 18 жасқа толған азаматтары үшін ғана қолжетімді.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)

  1. Қазақстан Республикасына келуге және болуға визасы бар шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат;
  2. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдары беретін шекарадан өткені туралы белгісі бар көші-қон карточкасы;
  3. Еркін нысандағы тiркеу туралы қолдаухат.

Тiркеу жеке өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттары

 Қазақстан Республикасында уақытша болуы 6 айдан астам мерзімді құрайтын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу үшін қосымша:

  • толтырылған екі мекенжайлық келу парағы.
  • келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талоны.
  • 3,5х4,5 мм мөлшердегі бір фотосурет

Қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу туралы хабарлама немесе тіркеуден бас тарту туралы хабарлама алу.