Паспорт, жеке куәлік алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Паспорт – 8 АЕК

Жеке куәлігі  – 0,2 АЕК

Жеке куәлік алу үшін уақтылы өтініш бермеу үшін – 7  АЕК

Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін:

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін:

1-санатты жеделдік – 1 жұмыс күніне дейін - 4 983 теңге;

2- санатты жеделдік – 3 жұмыс күніне дейін - 2 752 теңге.

облыс орталықтары үшін:

1-санатты жеделдік – 3 жұмыс күніне дейін - теңге;

2- санатты жеделдік – 5 жұмыс күніне дейін - 2 752 теңге.

облыстардың аудандары мен қалалары үшін:

3-санат - 7 жұмыс күніне дейін - 1 116 теңге.

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорация немесе порталга жүгінген кезде - 15 жұмыс күнінен кешіктірмей

Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін – жеделділіктің 1-санаты бойынша 1 (бір) жұмыс күніне дейін; жеделділіктің 2-санаты бойынша 3 (үш) жұмыс күніне дейін; 

облыс орталықтары үшін – жеделділіктің 1-санаты бойынша 3 (үш) жұмыс күніне дейін; жеделділіктің 2-санаты бойынша 5 (үш) жұмыс күніне дейін;

аудандар мен облыс қалалары үшін - 3-санаты бойынша 7 (жеті) жұмыс күніне дейін.

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды, жеке куәліктерді беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз.

     Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу:

  1. Қажет болған кезде қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік баж алымын төлеу
  2. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

*Портал арқылы жеке басын куәландыратын құжатты жаңа үлгідегі құжатқа ауыстыру қажет болған кезде алуға болады. Өзге жағдайда қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та немесе өкілетті органда көрсетіледі.

 

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы алу (қажетті құжаттар):

Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Құжат үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар Салық кодексінің 622-бабына сәйкес растайтын құжаттарын ұсынады);
  • жеке куәлік алу үшін мемлекеттік баж төлеу
  • паспорт алу үшін мемлекеттік баж төлеу
  1. Құжатты ресімдеген сәтте көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келетін өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр екі фотосурет;

Фотосурет бiр негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдiсiмен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, бейтарап бет көрінісімен және аузы жабық түскен, бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75% жуығын алатындай болып жасалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi. Суретке түсіру кезінде діни не медициналық себептер бойынша басты жабуды қоспағанда, ешқандай бас киім киіп түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда беті иегтің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады, бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді. Көзі ашық және анық көрінуі тиіс, шашпен жабылмауы қажет. Көзілдіріктің құрсауы көзді жаппайды, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге жол берілмейді. Сонымен қатар, құжатталатын адамның бірегей нысанды киімде түскен суретіне жол берілмейді.

"Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіру ХҚТ ТП АЖ-да халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақысыз жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының фотобейнесі электрондық формулярға фотосуретке түсіру, қолтаңба сканері арқылы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасы енгізіледі.

  1. Төмендегі құжаттардың бірі:
  • туу туралы куәлік (16 жасқа толған соң жеке куәлік алу кезінде, 16 жасқа дейін паспорт алу кезінде) және ата-анасының бірінің жеке куәлігі (баланың азаматтығын растау үшін). Шетелдік ата-анасының баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын алуға (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған кезде, олардың бірі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және ата-анасының екеуі бірдей осы кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған кезде) нотариалды түрде куәландырылған келісім-өтінішін ұсыну қажет;
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспорт ауыстырған, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін жоғалтқан кезде);
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ауыстырған, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан не оны бірінші рет алған кезде);
  • ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануға байланысты құжаттарды алған кезде);
  • Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері берген қайтып оралуға арналған куәлігі (Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде);
  • еркін нысандағы жазбаша өтініш (азаматтың хал актісіне туу туралы, туған жері, ұлты туралы өзгерістерді енгізе отырып айқындамалық деректерді өзгерткен, жоғалған жеке куәлік және (немесе) паспортты қалпына келтіру мәселесі бойынша жүгінген кезде) немесе қылмыстық құқық бұзушылық ретінде жеке куәлікті және (немесе) паспортты ұрланған туралы арызды қабылдаған қылмысты құдалау органнан талон-хабарлама (Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген).

Ескертпе

ҚР азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республиканың аумағында қолданыста болады. Қазақстан Республикасының азаматына жеке куәлік он жыл мерзімге беріледі

ҚР азаматының паспорты азаматтардың тілегі бойынша, жасына қарамай беріледі және ол иесінің ҚР аумағынан тыс жерге баруы кезінде жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Паспорт 10 жыл мерзімге беріледі.

**Мемлекеттiк баж тiркеушi органға тиiстi құжаттар берiлгенге дейiн төленуi тиiс. ҚР азаматтарының паспорттары мен жеке куәлiктерiн беру кезiнде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады:

  • Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi;
  • Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерiмен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ерi» атақтарын алған адамдар;
  • «Батыр ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры кезеңiнде кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО-ның ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң ата-аналарының бiрi;
  • Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйiнде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды, жеке куәліктерді беру.