16 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

15 минут ішінде

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

Көрсетілетін қызметті онлайн режимінде қалай алуға болады?

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ арқылы қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеудің болуы  міндетті) алу. Тұрғын үй иесінің ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет. (егер өтініш беруші тұрғын үйдің иесі болмаса).Тұрғын үйдің ортақ иелерінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет (егер өтініш беруші тұрғын үйдің жалғыз иесі болмаса).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да қызметті қалай алуға болады? (қажетті құжаттар):

Көрсетілетін қызметті алушы (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін тұрғын үй иесiнiң (тұрғын үй иесінің өзінің қатысуы міндетті) жеке басын куәландыратын құжаты және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес тұрақты не уақытша тiркеуге оның жазбаша түрде келiсiмi.

Тұрғын үй иесінің (жалға алушының) тіркеу құқын растау үшін көрсетілетін қызметті беруші мекенжайдың тіркеу коды бойынша (МТК) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тұрғын үйге меншік құқығының пайда болу негіздерін растайтын меншік иесі туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелерден алады;   

Тіркеу туралы ұйымның (мекеменің) әкімшілігі ұсынған өтінішхат (адамдар тұру (болу) үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайларда тіркеу кезінде);

  1. Жеке басты сәйкестендіру үшін - жеке басты куәландыратын құжат (16 жасқа дейiнгi балалар - туу туралы куәлiк және Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (болған кезде).

Республикадан тыс жерлерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары - бұрынғы тұрған елден консулдық есептен шыққаны туралы белгісі бар паспорт, консулдық есептен шығу туралы белгі болмаған жағдайда, келесі құжаттардың бірін:

  • Азаматтылыққа тиесілігін міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі (немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті) берген бұрын тұрған елден есептен шыққаны туралы анықтама;
  • Шет мемлекеттің құзыретті органдары тиісті түрде берген және куәландырған бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеу есебінен шыққаны туралы құжат;
  • Бұрынғы тұрған елдің құзырлы органы берген азаматтығын алмағаны және тіркелмегені туралы анықтама.

Қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркеу мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде – уақытша болатын мекенжайы туралы мәліметтерді енгізуі, электрондық тасымалдағышы бар жеке куәлікке көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын қайта жазу.