Салық берешегін қарау және төлеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке кәсіпкерлер
Заңды тұлғалар
ҚР азаматтары
ҚР резиденті емес
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Қарыздың жоқтығы туралы мәліметтер-10 минутқа дейін (онлайн режимде).
Салық міндеттемесін орындау, сондай-ақ аудару бойынша міндеттемелерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме жазба беру –салықтық өтінішті алған сәттен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірмей

Қызметтің толық атауы
Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру
Қаржыларды есепке алу

Қазына шотына ақшаны аудару 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қате есептелген қаражатты аудару тәртібі ҚР Салық кодексінің –599-606-бабына сәйкес анықталады.

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. "Қызметке онлайн тапсырыс беру"  батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді). Қарыз туралы мәліметтер бірден "Сұранысты жіберу" батырмасын басқаннан кейін пайда болады.
  3. Салық берешегі бар болған кезде берешекті онлайн төлеуге болады.

Қызметті Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Қарыздың болмауы (болуы) туралы мәліметтерді алуға арналған сұраныс.
  2. Салық өтініші - көшірмені алу үшін.
  3. Жеке куәлік  (қызмет алушының тұлғасын сәйкестендіру үшін).

Қызмет үшін төлемді өзініздің банк картасымен ғана төлеуіңіз жөн.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Салық берешегінің , міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің  болуы (болмауы) туралы анықтама алу, кейін онлайн-төлеу мүмкіндігі ұсынылады.