Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге арналған электрондық өтініш беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
Қызмет құны

АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

Ккөрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға – 7 жұмыс күні

Басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде - 30 күннен аспайды

Порталда –атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнін тағайындау туралы хабарламаны алу – 1  жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу. 
  4. Өтінімді қабылдау туралы хабарлама келіп түскен жағдайда төлемді жүргізу.
  5. Куәлікті алу үшін ЖАО АХАТ бөліміне жүгіну. Өзімен бірге басып шығарылған хабарламаны, жеке басты куәландыратын құжатты, сондай-ақ екі 3*4 см өлшемді фотосуретті алу қажет.

Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеуге электрондық өтінішті беру тек некені тіркеу немесе некені бұзу себебі бойынша ғана мүмкін.

Тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды тіркейтін және куәлікті беруді жүргізетін тіркелу орны бойынша ЖАО АХАТ бөлімінде көрсетіледі. Сіз тіркелу өзектілігін онлайн тексере аласыз.

Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа алу үшін (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
  3. Көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі.
  4. Некені (ерлі-зайыптылықты) қию туралы куәліктің көшірмесі.
  5. Егер көрсетілетін қызметті алушының кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
  6. Бала асырап алуды не әке болуды анықтау туралы куәліктің көшірмесі, егер оларды тіркеу органдары тіркесе.
  7. Егер көрсетілетін қызметті алушы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің көшірмесі.
  8. Көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см. көлеміндегі екі фотосуреті.
  9. ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
  10. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруын өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік, туу туралы куәлік (туу туралы акт жазбасын өзгерістер енгізілген жағдайда), енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және түзетулермен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қайталама куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.