Балабақшаға кезек нөмірін қарау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Кемінде 5 минут. Балабақшаға кезек нөмірі опциясы үшін 5 күнтізбелік күнге дейін

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша кезек нөмірін қарау үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді). Баланың ЖСН немесе тегін, атын және туған күнін енгізу.
  3. Кезек нөмірі туралы мәліметтер "Сұранысты жіберу" батырмасын басқаннан кейін бірден пайда болады.
  4. Егер бала Алматы қаласында МДБМ кезекте тұрса таңдау үшін келесі опциялар пайда болады "МДБМ кезектегі орындармен алмасу" (ЭЦҚ талап етіледі), "МДБМ кезектен алу" (ЭЦҚ талап етіледі), "Өтініш иесінің деректерін өзектілендіру" (ЭЦҚ талап етіледі),  «ЖК келісуге МДБМ жолдама алған адамдардың тізімін қарау» (ЭЦҚ талап етілмейді), «Ауыстыруға менің өтініштерімді жою» (ЭЦҚ талап етілмейді), «Алмастыруға ұсыныс жасау және сақтау» (ЭЦҚ талап етілмейді).
  5. Опцияны таңдау, қажетті деректерді енгізу, сұранысқа ЭЦҚ қою және жіберу.

*Қызметті онлайн Нұр-Сұлтан, Ақсай, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Арыс, Атырау, Қапшагай, Қарағанды, Қаражал, Көкшетау, Қостанай, Курчатов, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Сәтпаев, Семей, Талдықорған, Тараз, Текелі, Түркістан, Орал, Өскемен, Шахтинск, Шымкент, Екібастұз қалаларының тұрғындары ала алады. Қызмет сондай-ақ ҚР көптеген аудандарында да қол жетімді.

**МДБМ кезектегі орынмен ауысу, байланыс деректерін өзектілендіру, ауыстыруға ұсынысты құру және сақтау, ауыстыруға ұсынысты жою, сіздің МДБМ бойынша жеке кабинетіңізге жолдама алған адамдардың тізімін қарау опциялары Алматы қаласы үшін ғана қол жетімді.                                                                                       

***МДБМ кезектегі орынмен алмасу опциясында жеке кабинетте айырбастаудың екінші тарапына сұранысты келісу талап етіледі (келісудің регламенттк мерзімі 5 күнтізбелік күн).

Соңдай-ақ, кезек нөмірін қарау үшін төмендегі сілтемелерді басып өтуге болады:

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1) Балабақшаға баланың кезегінің нөмірін қарау.

2) МДБМ кезектегі орынды ауыстыру нәтижесі туралы, МДБМ кезектен алу нәтижесі туралы, деректерді өзектілендіру нәтижесі туралы, ауыстыруға ұсыныстарды сақтау туралы, ауыстыруға ұсынысты жою туралы мәртебе.
3) Бала кезекте тұрған МДБМ бойынша ЖК-те келісуге МДБМ жолдама алған адамдардың тізімін қарау.