Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
"Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" РММ, орталық мемлекеттік архивтер, облыстардың мемлекеттік архивтері, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, қалалардың, аудандардың
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

11 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1.  Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет). Өтінімге жеке куәліктің көшірмесін тіркеу. Сұралатын мәліметтер сипатына байланысты қоса берілетін құжаттар өзгеруі мүмкін: еңбек кітапшасының көшірмесі, жерді пайдалану құқығына мемлекеттік актінің көшірмесі, техникалық паспорттың көшірмесі, қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) қызметтің нәтижесін оқыңыз.

Бірге берілетін құжаттардың  рұқсат етілетін максималды көлемі 1 МБ-тан аспауы керек

 Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, өкілеттігін растайтын құжат не нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері сәйкестендіру үшін жеке куәліктің көшірмесін жаңғыртады, содан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады).

 Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

  1. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және заңды тұлға үшін – өкілеттігін растайтын құжат не жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат (уәкілетті өкіл жүгінген кезде).
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіштегі архивтік анықтама болып табылады, не мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.