Некені тіркеуге электрондық өтініш беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО
Қызмет құны
Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Қызметті онлайн алу

Некені тіркеуге өтініш берушіге:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімде ерінің/зайыбының ЖСН көрсету және неке тіркелетін ЖАО тіркеу бөлімін таңдау.
  3. Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті).
  4. Болашақ ерінің/зайыбының өтініш беруді растауын алу. Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күтуі мүмкін, одан кейін күшін жояды.

Некені тіркеуді растаушыға:

  1. Порталда авторизациядан өтіп және «Қызметтерді алу тарихы» тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.
  2. Өтінімді толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті).
  3. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
  4. Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті).

*Электрондық өтінім беру үшін екі өтініш беруші де некеге алғаш отырған болуы және балалары болмауы қажет. Екінші және одан кейінгі некені тіркеуге өтінішті портал арқылы  беру мүмкін емес.

Ерлер мен әйелдер үшін неке (ерлі-зайыпты болу жасы) 18 жас.

 

Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң тіркеуші орган жүргізеді.

Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Электрондық өтінішті қабылдау және неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында дәлелді жауап жолданады.