Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) турал ақпарат алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

8 күн ішінде

Қызметтің толық атауы
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Жеке басын куәландыратын құжат.
  2. Асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе тұлғаны хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі.
  3. Қайтыс болған (хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған) адаммен туыстық қатынасты растайтын құжаттар, неке қию туралы, некені бұзу туралы туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының туу туралы, асырап алу туралы, әке (ана) болуды анықтау туралы куәлік.
  4. Отбасы мүшелері күндізгі оқу нысаны бойынша оқып жатқан оқушылар немесе студенттер екені туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім мекемелерінен № 236 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша анықтамалар (жыл сайын жаңартылып отырады.

Мемлекеттік корпорацияда қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

Қызмет жәрдемақыны тағайындау нәтижесін алу үшін арналған. Жәрдемақы тағайындауға құжаттар беру үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет Мүгедектігі бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау.

 

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама