Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Апостильдеу үшін - ақылы

Қызмет көрсету мерзімі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құжаттарды тапсырғаннан кейінгі уақытынан бастап, әрі электронды порталына  жүгінгеннен кейін – 10 минут;

қосымша тексеруді өткізу қажеттілігі болған жағдайда - 5 жұмыс күні;

шетелге шыққан жағдайда:

облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне жүгінген кезде – 5 жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорация филиалдарының басқа бөлімдеріне жүгінген кезде – 10 жұмыс күні.

- «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шыққан ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметімен жинақтап қызмет алған жағдайда (бұдан әрі – «бір өтініш» ұстанымы бойынша қызмет) – 8 жұмыс күні:

- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы дайындау – 5 жұмыс күні;

- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы апостильдеу – 3 жұмыс күні

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзіміне кірмейді.

*көрсетілетін қызметті алушыға қосымша анықтамалық тексеріс жүргізген жағдайда, 4 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған кезден бастап 20 жұмыс күні өткеннен кейін қайта жүгіну қажеттілігі туралы хабарланатын аралық жауап жолданады.

Қызметтің толық атауы
Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат.
  3. Мемлекеттік қызмет алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде, нотариуспен расталған сенімхат.
  4. Кәмелеттік жасқа толмаған жақын туыстарына анықтама алу кезінде туыстық байланыстарын растау үшін туу туралы куәлік (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда).

Анықтама алу үшін бұрынғы анықтау деректері бойынша көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні (күні, айы, жылы), ақпараттық жүйелерде тиісті мәліметтер болмаған жағдайда, ауыстырылғандығын растайтын құжат беріледі.

Кешенді қызметті онлайн алу

  1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
  2. Қызмет алушының ЭЦҚ қойылған немесе ұялы байланыс операторымен берілген қызмет алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық сұрау толтыру, оның ішінде қызмет көрсету нәтижесін қағаз жүзінде алу үшін  Мемлекеттік филиал мекенжайын таңдаумен шетелге шығу үшін анықтама беру. Апостиль қою қажет болғанда шетел мемлекетінің атауы  қосымша  таңдалады («бір өтініш» ұстанымы бойынша қызметтің нәтижесін ұсынатын ел) және мемлекеттік баж салығы төленеді.

Мемлекеттік қызмет нәтижесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та беріледі.

«Бір өтініш» қағидаты бойынша кешенді қызмет жеке тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі (қызмет алушы).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін әрбір құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік баж салығы алынады.

Құжаттарды апостильдегенде төлем жасау деректемелері: Нұр-Сұлтан  қаласының Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы, ж/ш- 108125, ҚР ҚМ kkmfkz2a е/ш kz24070105 ksn0000000 бин 981140001105 КНП 911, 991.

Қызмет көрсету нәтижесі

Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру.

«Бір өтініш» ұстанымы бойынша қызмет көрсетудің нәтижесі - апосиль мөртабанын қойып қағаз нысанда соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.