Дәрігердің қабылдауына жазылу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
ҚР азаматтары
ҚР резиденті емес
Қызмет көрсету орны
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсететін медициналық ұйымдар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

МСАК ұйымына құжаттарды тапсырған сәттен бастап  - 10 минуттан аспайды

Порталда - кемінде 30 минут.

Қызметтің толық атауы
Дәрігердің қабылдауына жазылу

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
  4. Белгіленген уақытта емханаға жүгіну.

Тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға тіркелу қажет, олай болмаған жағдайда қызмет көрсетуден бас тартылады.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Жеке басын куәландыратын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі

1. МСАК ұйымына тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – шақыртуларды тіркеу журналында жазу және дәрігерлердің қабылдау кестесіне сәйкес дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру. 
2. Порталға электрондық форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.