Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсететін медициналық ұйымдар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

МСАК ұйымына құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арұылы жүгінген кезде - 1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті тұратын жері өзгерген кезде немесе тіркелген медициналық ұйымды өзгерткісі келген кезде пайдалануға болады (жылына бір рет ауыстыруға болады).

Егер қызмет көрсетудің регламенттік мерзімі асып етсе, тіркелуге сұраныс жіберілген медициналық ұйымға жүгініңіз.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.
  2. Зейнеткерлер – зейнеақы куәлігі.
  3. Мүгедектер – зейнетақы куәлігі немесе медициналық–әлеуметтік сараптаманы куәландыру актісінен үзінді.
  4. Қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер (жеке тұлғалар осы санаттағы болуы мүмкін кәмелетке толған), сондай–ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және басқа да оларды алмастыратын тұлғалар ҚР заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беретін, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды (заңды өкілдері) сот шешімі немесе басқа құжат) қамқоршылық, қорғаншылық және т.б.
  5. Колонияларда өтеуші сотталғандар, әскери қызметшілер – өңірлердің «Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрығымен құрылған «БХТ» АЖ–ға тұрғындарды МСАК–ғабекітуді тіркеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы.
  6. Студенттер (18 жасқа дейінгі балалар), сондай–ақ медреседе оқитын студенттер (18 жасқа дейінгі балалар) – жоғары оқу орны ректорының БМСК–дегі ресми өтініші және оқу орны мен БМСК арасындағы комиссияның хаттамасы.
  7. ҚР шегінен тыс жерлерде туған балалар – шет мемлекетте туғанын растайтын құжат.
  8. Медициналық–әлеуметтік мекемелер (балалар үйлері, балалар үйі, қарттар үйі және т.б.) – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдарының шешімі.
  9. Сенімхат бойынша тіркеуді ресімдеуші – сенімхат.

МСАК ұйымы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі тұлғаларға ұсынылады:
1) зейнеткерлер;
2) мүгедектер;
3) қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер (осы санаттағы жеке тұлғалар, кәмелетке толғандар болуы мүмкін), сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және басқа да оларды алмастыратын адамдар ҚР заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да заңды өкілдері);
4) колонияларда өтеуші сотталғандар (өтеу орны бойынша);
5)студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер;
6) мерзімді қызмет әскери қызметшілері;
7) шет мемлекеттерде туған балалар;
8) сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері және т.б.;
9) сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтіндер.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1) медициналық ұйымға бекіту туралы талон;
2) электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат форматында бекіту туралы хабарлама (талон);
3) дәлелдібас тарту.