Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық статистика және арнаулы есепке алу ко-митеті және оның аумақтық бас-қармалары шегінде мұрағат анық-тамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмесін беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияның астанада және республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында орналасқан филиалдарының бөлімдеріне тапсырған кезден бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 8 жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорация филиалдарының басқа бөлімдеріне жүгінген кезде – 10 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру.

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

 

 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу үшін (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлік (жеке басты сәйкестендіру үшін).
  3. Туыстарына қатысты ақпарат алғанда, туыстық дәрежесін куәландыратын құжаттар.
  4. Нотариуспен куәландырылған сенімхат – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүддесін басқа тұлға білдіргенде.

Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтама және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелері, мәліметтер болмаған кезде – көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша жауап.