Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күні

порталда - 30 минут

Қызметтің толық атауы
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Барлық міндетті өрістерді толтыру және файлдарды бекіту.
  3. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Рұқсатты ресімдеу үшін:

  1. еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы өтініш;
  2. жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртек көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);
  3. Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);
  4. Қазақстан Республикасына шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынған сырқатының болмауы туралы шетелдікті медициналық куәландыру туралы анықтама;
  5. жүргізілген дактилоскопиялау және суретке түсіру туралы анықтама – осы мемлекеттік көрсетілетін стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (көшіп келушінің алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде еңбек рұқсатын алғаны туралы мәліметтер болған кезде дактилоскопиялау және суретке түсіру жүргізілмейді);
  6. медициналық сақтандырудың көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі).

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұру орны бойынша жүгінген кезде рұқсатты ұзарту үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

  1. еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы өтініш;
  2. жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртек көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);
  3. еңбекші көшіп келушіге бұрын берілген рұқсат;
  4. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көшіп-келуші арасында жасалған еңбек шартының көшірмесін;
  5. медициналық сақтандырудың көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі).

Қызмет көрсету нәтижесі

Көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады