Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген мерзімдерге сәйкес

Қызметтің толық атауы
Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өтіңіз (қызметті алу үшін сізде cabinet.salyk.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. cabinet.salyk.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. Жоспарланған уақыт аралығында сұраныстың күйін CТК сайтындағы салық есептілігі журналында тексеріңіз.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Салық өтініші  – грант қаржысы есебінен алынған өнім берушімен төленген  қызметтер, жұмыстар, тауарларға ҚҚС қайтару.
  2. ҚҚС асыруды қайтару үшін - белгіленген нысандағы салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асыруды қайтару туралы талап.
         

Қосымша:

Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (осындай айналымдар болған кезде) растау үшін тауарлар экспорты бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкетiлген тауарларды немесе олардың қайта өңдеу өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін тауарлар экспорты бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растау үшін Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды экспорттау бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

Салық кодекстің 393-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында өткізген жағдайда, қайта өңдеу өнімдерінің экспортын растау үшін салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына одан әрі экспорттаған жағдайда, қайта өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың аумағындағы халықаралық тасымал бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

Жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы ЕАЭО мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО мүше сол немесе басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше сол мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына өткізе отырып орындаған жағдайда, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі:

Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды қайта өңдеу өнімдерін кейіннен ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына өткізе отырып орындаған жағдайда, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі:

Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін бағалы металдар өндірісінің субъектілері және оны қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар болып табылатын салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған аффинирленген алтынды өткізуі бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін Халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу жөніндегі айналым бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін арнайы экономикалық аймақтарды (бұдан әрі – АЭА) құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды өткізу бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін шектері ЕАЭО кедендік шекарасының учаскесімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылатын немесе өткізілетін тауарларды өткізу кезінде салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар ҚҚС босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге өз өндiрiсiнің тауарларын өткізу бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

ҚҚС бақылау шотын пайдаланатын ҚҚС төлеуші салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген ҚҚС қайтару кезінде:

Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне және олардың персоналына ҚҚС қайтару кезінде:

 

 

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Салық кодексінде көзделген ҚҚС асып кету сомасын қайтару кезінде:
1) мыналар:
- ҚҚС бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын бейрезиденттен жұмыстар, қызметтер алған кезде төлеуге жататын ҚҚС есебіне, импортталатын тауарларға ҚҚС есебіне;
- салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша;
- салық төлеушінің ҚҚС, салық және төлемдердің өзге де түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің салық және бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне ҚҚС асып кету сомасын есепке жатқызу;
2) ҚҚС асып кету сомасын салық берешегі болмаған жағдайда салықтардың және төлемдердің өзге де түрлері бойынша (талап бойынша) алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу;
3) салық берешегі болмаған кезде қалған ҚҚС асып кетудің қалған сомасын салық төлеушінің банктік шотына қайтару;
грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген ҚҚС қайтару кезінде:
1) мыналар:
- ҚҚС бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын бейрезиденттен жұмыстар, қызметтер алған кезде төлеуге жататын ҚҚС есебіне, импортталатын тауарларға ҚҚС есебіне;
- салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша;
- салық төлеушінің ҚҚС, салық және төлемдердің өзге де түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің салық және бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне ҚҚС асып кету сомасын есепке жатқызу;
2) ҚҚС сомасын салық берешегі болмаған жағдайда салықтардың, төлемдердің өзге де түрлері бойынша (талап бойынша) алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу (қайтару);
3) грант алушыға немесе орындаушыға есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін оның банктік шотына қайтаруға жататын ҚҚС қалған сомасын қайтару;
өкілдіктерге және (немесе) өкілдіктің персоналына ҚҚС қайтару кезінде – Қазақстан Республикасының банктерінде ашылған өкілдіктердің және (немесе) өкілдіктер персоналының тиісті шоттарына ҚҚС қайтару;
- мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.