Қазақстан Республикасының резинденттігін растау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

3 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының резинденттігін растау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирус індетінің өршуін тоқтату және оқшаулау шараларын қатайту үшін ХҚКО карантин кезеңінде жұмысын тоқтатты.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер онлайн алуға болады, сондай-ақ кейбір көрсетілетін қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile, Telegram-бот eGovKzBot2.0 ұялы қосымшаларда және Facebook пен VK әлеуметтік желілерде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өтіңіз (қызметті алу үшін сізде cabinet.salyk.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. cabinet.salyk.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. Жоспарланған уақыт аралығында сұраныстың күйін CТК сайтындағы салық есептілігі журналында тексеріңіз.

Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):  

  1. Резиденттікті растау туралы салық өтініші.
  2. Заңды тұлғаны тиісті басқару орнынан (басқарманың органының нақты орналасу орны) ҚР болуды растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі  (директорлар кеңесі жалпы жиналысының немесе ұқсас органның хаттамалары, өткізу орны және заңды тұлғаның кәсіпкерлік  қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдерді қабылдау, бақылау орнын растайтын құжаттар көрсетіледі) –  оны ҚР тиімді басқару орны негізінде резиденттер болып табылатын шетелдік заңды тұлғалар.
  3. Шетелдік құжаттың немесе жеке куәліктің, азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында болу уақытын растайтын құжаттың, шетелдік азаматтардың (резидент болып табылатын) және азаматтығы жоқ адамдардың тұру ықтиярхатының нотариалды расталған көшірмелері (визалар немесе өзге құжаттар).

Мемлекеттік корпорацияда қабылдау электронды кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жерінде жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты беру немесе шет мемлекеттің құзыретті органы белгіленген нысан бойынша оның резиденттігін растау және (немесе) оның телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы дәлелді жауап.