Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді, сондайақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

3 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді, сондайақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу

Қызметті онлайн алу

  1. «Онлайн сұрау» батырмасына өтіңіз (қызметтерді алу үшін сіз eokno.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
  2. eokno.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұранысына қол қойыңыз. Сіздің есептік жазбаңыздағы «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялары үшін бірыңғай терезе» порталындағы қосымшаның күйін бақылаңыз.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің таңдаған тәсіліне байланысты кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:  
  • мемлекеттік кірістер органының ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшаның аударылғаны туралы және (немесе) кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде аванстық төлемдердің енгізілгені туралы төлем құжатының көшірмесі;
  • төлеуші мен мемлекеттік кірістер органы арасында жасалған мүліктік кепіл шартын және бағалаушының кепілдегі мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін;
  • кепілгер банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдемесі шартын және банк кепілдігін;
  • кепілгерлік шартын;

мүліктің кепілгерлік шарты, төлеушімен және мемлекеттік кірістер органы арасында жасалған мүлік кепілінің шарты, кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі;

  • сақтандыру шарты.

Қызмет көрсету нәтижесі

Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап